Жаңалықтар

«Fincraft Resources» АҚ KZ2C00001360 және KZ2C00001832 облигацияларының шығарылымдарын өтеді

27 желтоқсан 2021 ж.

Алматы, 2021 жылғы 27 желтоқсан «Fincraft Resources» акционерлік қоғамы соңғы, 20-шы купондық сыйақыны төлеп, 2021 жылғы 20 желтоқсанда KZ2C00001360 (SATCb1) шығарылымының облигацияларының толық өтегені туралы хабарлайды. Сондай-ақ 2021 жылғы 15 желтоқсанда Компания соңғы, 11-ші купондық сыйақыны төлеп, бір мезгілде KZ2C00001832 (SATCb2) шығарылымының облигацияларын толық өтеді.

KZ2C00001360 (SATCb1) облигациялары бойынша төлемдердің жалпы сомасы 13 020 400 500,68 теңгені, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 11 997 604 700 теңгені, 20-шы купондық сыйақы  – 1 022 795 800,68 теңгені құрады. SATCb1 облигациялары 2008 жылғы 3 қаңтардан бастап KASE ресми тізімінің «В» санатындағы ресми тізіміне енгізілді, 2019 жылғы 8 тамыздан бастап KASE ресми тізімінің баламалы алаңдағы «облигациялар» санатына жатқызылды. Олармен сауда-саттық 2008 жылғы 16 қаңтардан бастап ашылды.

KZ2C00001832 (SATCb2) облигациялары бойынша төлемдердің жалпы сомасы 1 288 338 960 теңгені, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 1 185 588 000 теңгені, 11-ші купондық сыйақы  – 102 750 960 теңгені құрады. SATCb2 облигациялары 2012 жылғы 3 тамыздан бастап «Рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2019 жылғы 8 тамыздан бастап KASE ресми тізімінің баламалы алаңдағы «облигациялар» санатына жатқызылды. Олармен сауда-саттық 2012 жылғы 16 қазаннан бастап ашылды.

Бектас Мукажанов, Fincraft Resources Басқармасының Төрағасы, мынадай пікірмен бөлісті: «Өзінің облигацияларын өтеп, Компания тағы да қарыз алушы ретінде өзінің сенімділігін, капитал нарықтарында жұмыс істей алатынын және жұмыс істегісі келетінін көрсетті. Инвесторлармен алдағы уақытта да өнімді ынтымақтасу және өз міндеттемелерін орындаудың жоғары деңгейін көрсету үшін біз әр түрлі салаларда перспективалық жобаларды дамытудамыз: соның ішінде жоғары сыныпты никель мен кобальт өндіруге маманданған Battery Metals Technologies және гипс пен құрғақ құрылыс қоспаларын өндірумен айналысатын «ИндерГипс» жобаларын дамытудамыз».

_________________________

Fincraft Resources – қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық холдинг. Компания қолданыстағы өндірісті кеңейту, жаңа жобаларды құру және компанияға стратегиялық мақсаттарға жетуге көмектесетін жаңа активтерді сатып алу арқылы тұрақты өсуді көздейді. Топта құрылыс саласында сұранысқа ие материалдарды өндірумен, сондай-ақ электрмобильдерге арналған аккумуляторлық батареяларды (Battery Metals Technologies, BMT) жасау кезінде пайдаланылатын металдарды өндірумен айналысатын бірқатар еншілес компаниялар бар. «Fincraft Resources» АҚ компаниясының акциялары KASE Қазақстандық қор биржасында саудаланады.