Жаңалықтар

Заңды тұлға атауының өзгергені туралы хабарлама: «SAT & Company» акционерлік қоғамының атауы «Fincraft Resources» акционерлік қоғамы болып өзгерді

27 қыркүйек 2018 ж.

Осы арқылы 2018 жылдың 24 тамызында «SAT & Company» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында атауының, орналасқан орнының және сайтының өзгеруіне байланысты Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды. 

«SAT & Company» акционерлік қоғамының атауы «Fincraft Resources» акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша –Қоғам) болып өзгерді.

Заңды тұлғаның атауындағы бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Медеу ауданы Әділет басқармасында тіркелді, бұл 2018 жылғы 26 қыркүйектегі заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамамен расталады.

Қоғам Жарғысы 2018 жылдың 24 тамызында бекітіліп, жаңа редакциясы тіркелді.

Қоғам Жарғысында:- Қоғамның атауы өзгерді: 

мемлекеттік тілде – толық атауы - «Fincraft Resources» Акционерлік қоғамы, қысқартылған атауы - «Fincraft Resources» АҚ.

орыс тілінде – толық атауы – Акционерное общество «Fincraft Resources», қысқартылған атауы – АО «Fincraft Resources».

ағылшын тілінде: Fincraft Resources Joint stock company, қысқартылған атауы –Fincraft Resources JSC.

- орналасқан орны өзгерді: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй,

- Қоғамның сайты өзгерді – www.fincraftresources.kz. 

Қоғам атауының өзгеруіне байланысты Қоғамның мөрі, мөртабаны және фирмалық бланкісі өзгерді. Қоғамның қалған деректемелері, соның ішінде банк деректемелері және БСН өзгеріссіз қалды.

Жарғының мәтінімен, мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамамен мына сайттан танысуға болады: 

www.fincraftresources.kz.