19 мамыр 2020 ж.

«Fincraft  Resources» Акционерлік қоғамы акционерлерінің
кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы
хабарлама 

«Fincraft  Resources» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қоғам») Қоғам акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша (Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 14 мамырындағы отырысының хаттамасы) шақырылатын Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жиналысын (бұдан әрі мәтін бойынша – «Жиналыс») өткізу туралы хабарландырады. 

Атқарушы органның толық атауы – Басқарма.
Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Аль-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16 пәтер.

Жиналыс 2020 жылдың 19 маусымы Қазақстан Республикасының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16 пәтерде өтеді.

Акционерлерді тіркеу Жиналысты өткізу орны бойынша 2020 жылдың 19 маусымы 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

         Қоғамның акционерлері Жиналысқа байланыс құралдарын қолданып, қашықтықтан қатысуға құқылы.

Байланыс құралдарын қолданып, Жиналысқа қашықтықтан қатысуға тиісті өтінім Қоғаммен info@fncr.kz электрондық поштасына 2020 жылдың 15 маусымынан бастап Жиналысқа акционерлерді тіркеу басталғанға дейін қабылданады.

2020 жылдың 19 маусымы 11 сағат 00 минутқа тағайындалған Жиналыс қандай да бір себептерге байланысты тағайындалған уақытта болмаған жағдайда, Жиналыс дәл сол күн тәртібімен сол мекенжайда 2020 жылдың 22 маусымы Алматы қаласының уақытымен 11 сағат 00 минутта өтеді. Акционерлерді тіркеу 2020 жылдың 22 маусымы 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін Жиналысты өткізу орнында жүргізіледі.

Қоғамның Жиналасына қатысуға және онда дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімі 2020 жылдың 08 маусымы күнгі жағдайы бойынша Қоғамның акция ұстаушылары тізілімі жүйесінің деректерінің негізінде «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ жасалады. 

«Fincraft  Resources» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
1.«Fincraft  Resources» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2.«Fincraft  Resources» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
3.«Fincraft  Resources» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау, оның мүшелерін сайлау, жаңа мүшелерінің өкілеттіліктерінің мерзімін тағайындау, сонымен қатар өз міндеттерін атқарғандары үшін Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақыны төлеу және шығындарын өтеу көлемі мен шарттарын анықтау туралы.
4.Дивидендтік саясатты бекіту туралы.

Қоғамның Акционерлері күн тәртібі материалдарымен, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16 пәтер мекенжайы бойынша Қоғамның кеңсесінде таныса алады немесе материалдарды жіберу үшін өтініммен -8(727)2-777-111, іш.272 телефоны бойынша, info@fncr.kz Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Қоғамның жарғысымен белгіленген мерзімде жүгіне алады.

Жиналысты өткізу тәртібі:
Жиналысты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, жарғыға сәйкес және Қоғамның ішкі қызметін реттейтін Қоғамның өзге құжаттарымен не тікелей акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады.

Сырттай дауыс беру өткізу тәртібі және сырттай дауыс беру рәсімі:
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі тікелей дауыс беру арқылы қабылданады.

Жиналыс жүргізілетін тиісті Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары:
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» №415-ІІ Заңының 35-37; 39-48; 50-52 баптары. 


Құрметпен,

Басқарма Төрағасы                                                                                 Б.Мукажанов 


Орындаушы:
Тюфякова Светлана
2-777-111, ішкі. 272

 

19.05.2020 №7-27 акционерлерге хабарлама.pdf