24 шілде 2020 ж.

"Fincraft Resources" Акционерлік қоғамының

Акционерлеріне

"Fincraft Resources" Акционерлік қоғамы акционерлерінің

Жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

хабарлама

"Fincraft Resources" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша - "Қоғам") Қоғамның Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылатын  Қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі мәтін бойынша – "Жиналыс") өткізу туралы Қоғам акционерлерін хабардар етеді (Қоғамның Директорлар кеңесі отырысының 2020 жылғы 23 шілдедегі Хаттамасы). 
Атқарушы органның толық атауы-Басқарма.
Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16 пәтер.
Жиналыс 2020 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16 пәтер уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта өтеді.
Акционерлерді тіркеу 2020 жылғы 26 тамызда 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін Жиналыс өткізілетін жерде жүргізіледі.
Жиналысқа қатысу үшін тиісті өтінім қашықтықтан, байланыс құралдарын пайдалана отырып, Қоғаммен info@fncr.kz электрондық поштасына 20 тамыздан бастап және жиналысқа акционерлерді тіркеу басталғанға дейін қабылданатын болады.
Егер 2020 жылдың 26 тамызына белгіленген Жиналыс қандай да бір себептермен белгіленген уақытта өткізілмеген жағдайда, сол күн тәртібімен қайта Жиналыс 2020 жылдың 27 тамызында Алматы қ.уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта сол мекенжай бойынша өткізілетін болады. Акционерлерді тіркеу 2020 жылғы 27 тамызда 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жиналыс өткізілетін жерде жүргізіледі.
Қоғамның Жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ 2020 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректері негізінде жасайды.

"Fincraft Resources" АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі: 

1. "Fincraft Resources" АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. "Fincraft Resources" АҚ-ның 2019 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. 2019 қаржы жылындағы "Fincraft Resources" АҚ таза табысын бөлу тәртібін бекіту. "Fincraft Resources" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және "Fincraft Resources" АҚ бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту.
4. Акционерлердің "Fincraft Resources" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарастыру.
5. "Fincraft Resources" АҚ акционерлерін "Fincraft Resources" АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2019 жылға сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету. 

 Қоғамның акционерлері күн тәртібіндегі материалдармен Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16 пәтер мекенжайы бойынша Қоғамның кеңсесінде таныса алады немесе материалдарды жіберу үшін 8 (727) 2-777-111, ішкі 272 телефондары бойынша, info@fncr.kz,  Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Қоғамның Жарғысында белгіленген мерзімдерде сұраныспен жүгінуге болады.

Жиналысты өткізу тәртібі:

Жиналысты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңына, Қоғамның жарғысына және Қоғамның ішкі қызметін реттейтін өзге де құжаттарына сәйкес немесе тікелей акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес анықталады.
Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі және сырттай дауыс беру рәсімі: акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының шешімдері көзбе-көз дауыс беру арқылы қабылданатын болады.
Жиналыс өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары:
"Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Қазақстан Республикасы Заңының 35-37; 39-48; 50-52 – баптары. 

Құрметпен,
Басқарма Төрағасы                                                                                              Б. Мукажанов 


Орындаушы:
Тюфякова Светлана
2-777-111, ішкі 272 

24.07.2020 FR-7-96-1 акционерлерге хабарлама.pdf