28 маусым 2019 ж.

«Fincraft Resources» Акционерлік қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Fincraft Resources» Акционерлік қоғам

акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

хабарлама 

«Fincraft Resources» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қоғам») Қоғамның акционерлерін Қоғамның Директорлар Кеңесінің бастамасы бойынша шақырылатын (2019 жылдың 26 маусымдағы Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы) Қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі мәтін бойынша – «Жиналыс») өткізу туралы хабардар етеді. Атқарушы органның толық атауы – Басқарма, атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242 үй.

Жиналыс 2019 жылдың 29 шілдесі Алматы қаласының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242 үй, конференц залында өтеді.

Акционерлерді тіркеу Жиналысты өткізу орны бойынша 2019 жылдың 29 шілдесі 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Қоғамның акционерлері Жиналысқа байланыс құралдарын қолданып қашықтықтан қатысуға құқылы.

Жиналысқа байланыс құралдарын қолданумен қашықтықтан қатысуға арналған өтінім Қоғаммен 2019 жылдың 22 шілдесінен бастап Жиналыстың акционерлерін тіркеу басталғанға дейін info@fncr.kz электрондық поштасына қабылданады.

Егер 2019 жылдың 29 шілдесі 11 сағат 00 минутқа белгіленген Жиналыс қандай да бір себептерге байланысты белгіленген уақытында болмай қалса, Жиналыс сол мекенжайда шақыру бойынша  2019 жылдың 30 шілдесі Алматы қ. уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта қайта өтеді.

Қоғамның Жиналысына қатысу және онда дауыс беру құқығына ие акционерлердің тізімі 2019 жылдың 19 шілдесі жағдайы бойынша Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізімі жүйесінің деректерінің негізінде «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-мен жасалады.

«Fincraft Resources» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібі:

1. «Fincraft Resources» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тәртібін бекіту.

2. «Fincraft Resources» АҚ 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту.

3. «Fincraft Resources» АҚ 2018 қаржылық жылға таза табысын бөлу тәртібін анықтау.

1) «Fincraft Resources» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәселені қарау;

2) «Fincraft Resources» АҚ 2018 жылға таза табысын бөлу туралы мәселені қарау.

4. «Fincraft Resources» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы мәселелерді қарау;

5. «Fincraft Resources» АҚ акционерлерін «Fincraft Resources» АҚ Басқармасының және Директорлар кеңесі мүшелерінің 2018 жылға сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпараттандыру.

Қоғамның акционерлерін Жиналыстың күн тәртібі мәселелері бойынша материалдарымен таныстыру тәртібі:

Қоғамның акционерлері күн тәртібі материалдарымен Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242 үй мекенжайындағы Қоғамның кеңсесінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Қоғамның жарғысымен белгіленген мерзімде 8 (727) 2-777-111, ішк.272 телефоны, info@fncr.kz бойынша материалдарды жіберу үшін өтініммен жүгіне алады.

Жиналысты өткізу тәртібі:

жиналысты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, жарғыға және Қоғамның ішкі қызметін реттейтін Қоғамның өзге құжаттарына, не тікелей акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады.

Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі және сырттай дауыс беру процедурасы:
Акционерлердің Жалпы жылдық жиналысының шешімі бетпе-бет дауыс беру арқылы жүргізіледі.

Жиналыс жүргізілетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары:
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» №415-ІІ Заңының 35-37; 39-48; 50-52 баптары.

Құрметпен,

Басқарма Төрағасы                                                                                          Е.Идрисов


Орындаушы:
Туфякова Светлана
2-777-111, ішкі 272  

Извещение акционеров 188-7 от 280619.pdf