12 шілде 2019 ж.

«Fincraft Recources» акционерлік қоғамы акционерлерінің

Жылдық жалпы жиналысының Күн тәртібін толықтыру туралы

Хабарлама 

«Fincraft Recources» акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қоғам») Қоғамның акционерлерін келесі күн тәртібімен Қоғам акционерлеріне 2019 жылғы 29 шілдеде Жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі мәтін бойынша – «Жиналыс») өткізу туралы бұрын хат арқылы (2019 жылғы 28 маусымдағы шығыс № FR-7/188) хабарлаған:

1. «Fincraft Recources» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. «Fincraft Recources» АҚ-ның 2018 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Fincraft Recources» АҚ-ның 2018 қаржылық жыл үшін таза кірісін бөлу тәртібін айқындау:
1) «Fincraft Recources» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәселені қарау;
2) «Fincraft Recources» АҚ-ның 2018 жыл үшін таза кірісін бөлу мәселесін қарау.
4. Акционерлердің «Fincraft Recources» АҚ-ның және оның лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттеріне жүгінулері туралы мәселені қарау және оларды қарау қорытындылары.
5. «Fincraft Recources» АҚ акционерлерін 2018 жыл үшін «Fincraft Recources» АҚ-ның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің сыйақылары мөлшері мен құрамы туралы ақпараттандыру.

Осымен Қоғам Қазақстан Республикасының «Акионерлік қоғамдар туралы» № 415-ІІ Заңының 43-бабы 1-тармағы негізінде жоғарыда көрсетілген акционерлердің Жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаға толықтыру ретінде, Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайы бойынша, 2019 жылғы 29 шілдеде Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта тағайындалған Қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін келесі мәселемен толықтыру бойынша Қоғамның Директорлар кеңесімен қабылданған шешім туралы хабарлайды:

«6. Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 03 шілдедегі шешімі негізінде жасалған ірі мәмілені жасау жолымен Қоғамға тиесілі барлық активтерден жиырма бес және одан да көп процентті құрайтын сомада, активтердің бөлігін немесе бірнеше бөлігін табыстау (алу) жолымен өзге заңды тұлғалардың қатысушылардың (акционерлердің) құрамынан шығуы жөнінде шешім қабылдау туралы».

Қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысын өткізу бойынша қалған ақпарат өзгеріссіз қалады.

Құрметпен,
Басқарма Төрағасы                                                                                                    Е. Идрисов


Орындаушы:
Тюфякова Светлана
2-777-111, ішкі 272 

120719 №204-7 акционерлерге хабарлама.pdf