9 қараша 2018 ж.

«Fincraft Resources» акционерлік қоғамы акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлама

«Fincraft Resources» акционерлік қоғамының 

акционерлеріне

«Fincraft Resources» акционерлік қоғамы акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлама

«Fincraft Resources» акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша - «Қоғам») Қоғам акционерлеріне Қоғам Директорлар Кеңесінің бастамасы бойынша (Директорлар Кеңесінің 2018 жылғы 08 қазандағы отырысының хаттамасы) шақыртылатын Қоғам акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Жиналыс») өтетіні туралы хабарлайды. 

Атқарушы органның толық атауы – Басқарма, атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

Жиналыс 2018 жылдың 09 қарашасында Астана уақытымен 11 сағат 00 минутта Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй мекенжайындағы мәжіліс залында өтеді.

Акционерлерді тіркеу 2018 жылдың 09 қарашасында Жиналыс өтетін орында 10 сағат 00 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады. 

Егер 2018 жылдың 09 қарашасында 11 сағат 00 минутқа белгіленген Жиналыс қандай болмасын себептермен өтпейтін болса, екінші қайтара Жиналыс дәл сол мекенжайда 2018 жылдың 12 қарашасында Астана уақытымен 11 сағат 00 минутта өтетін болады. Акционерлерді тіркеу 2018 жылдың 12 қарашасында Жиналыс өтетін орында 10 сағат 00 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады. 

Қоғам Жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқылы акционерлер тізімін «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ 2018 жылдың 01 қарашасына алғандағы Қоғам акциялары ұстаушыларының тізілімі жүйесінің деректерін негізге алып, құрады.

Қоғам акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінде:

1.Қоғам акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2.Корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясын бекіту.

3.Жасалуына Қоғамның мүддесі бар ірі мәміле жасасу туралы.

Қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі: 

Қоғам акционерлері күн тәртібінің материалдарымен келесі мекенжайда орналасқан Қоғам кеңсесінде таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Қоғам жарғысында белгіленген мерзімде материалдарды жолдау туралы сауалмен 8 (727) 2-777-111, ішкі 272 (info@fncr.kz) телефонына хабарласа алады.

Жиналысты жүргізу тәртібі:

жиналысты жүргізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қоғам жарғысымен немесе Қоғамның ішкі қызметін реттейтін өзге құжаттармен, немесе тікелей акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады.

Сырттай дауыс беруді жүргізу тәртібі және сырттай дауыс беру рәсімі:

Акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері жиналысқа  тікелей қатысу арқылы қабылданатын болады.

Жиналыс өткізуде басшылыққа алынатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары:

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-37; 39-48; 50-52 баптары.

Құрметпен,

Басқарма Төрағасы

Қуанбай Ә.Д.