30 шілде 2018 ж.

Дивидендтерді төлеу туралы хабарлама

Осы арқылы "SAT & Company" АҚ (бұдан әрі - Қоғам), орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Мұқанов көшесі, 241, 170-т.е.ж, БСН 060 840 005 025, "Банк ЦентрКредит" АҚ-дағы ЖСК KZ228560000004149742 (KZT), БСК KCJBKZKX, алда болатын артықшылық берілген акциялар бойынша дивидендтердің төленуі жайында хабарлайды.

Төлем ҰСН KZ1P54620110 30.07.2018 жылғы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі негізінде 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңге жүзеге асырылады.

Қоғам Жарғысының 6-бабының 4-тармағына сәйкес,  дивидендтерді төлеу жылына бір рет, әр жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей жасалады.

Бір артықшылық берілген акцияға есептегенде дивидендтің мөлшері -1 теңге. 

Жоспарланған төлем жасау күні - 2018 жылдың 31 шілдесі, бағалы қағаздарды ұстаушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жасалады.