Әлеуметтік жауапкершілік

«SAT & Company» және «Сәби» қоры

«SAT & Company»АҚ жас спортшыларды қолдаумен қатар, мейірімділік шаруасымен айналысатын мекемелердің акцияларына назар аударып, 2005 ж. «Сәби» қайымдырылық қоржысымен іс-қатынастарын бастайды.

2002 ж. құрылған Қоржы, өз қызметін әлеуметтік ортада қиын жағдайда қалған жасөспірім балаларға көмек көрсету мәселелерін шешуге бағыттаған. Жастайынан жетім қалған, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяда өскен балалар, мүгедек балалар мен ересек адамдарға қол ұшын берудегі қасиетті және қадірлі науқанда «Сәби» қоры ынтасы мен қызметін айқын көрсетті.

«Сәби» жеке қайырымдылық қоры» Біріккен Ұлттар Ұйымының «балалардың қамқоршылық пен көмек алуға хақылары басым» деген қағидасын негізіне ұстанған. Осы ұғым тарапынан Қоржы күштерін балалар ортасындағы денсаулық, физикалық дамуы, ішкі руханияты және білім алу мәселелеріне бағыттайды.

«SAT & Company» АҚ өткен 5 жыл арасында Қордың іске асырған қайырымдылық жобаларына әрдайым қатысуда:

«Спорт – денсаулық – жетістіктер» — Қазақстанның арнайы балалар мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт нысандарын құру жобасы;

«Медициналық жоба» — республиканың медициналық мекемелеріне демеу көрсету жобасы  (емдеу палаталары мен ойын-сауық бөлмелерінде күрделі ремонт жүргізуден бастап, операциялық және диагностикалық блоктарды қажетті құралдармен жабдықтау);

«Мүгедектерге – абзалды өмір» — бүкіл Қазақстан қалаларын «Инватакси» атты арнайы көлік қызметтерін ұйымдастырып, мүгедек арбасымен пайдаланатын кемтар адамдарға арналған автокөліктермен жабдықтау жобасы;

Соңғы жылдары болған экономикалық дағдарыстың қиындықтарына қарамастан, Компания  «Сәби» қорының иманды істеріне әрдайым қатысуда. Қайырымдылықтың мағынасы әлеуметтік ортада өз атағын шығаруда ғана емес, оның бір мақсатқа көзделіп, бір шаруа басында жүрген адам ұжымының игілікті рухын қалыптастыруда мәні зор. Береке тек табыс пен жетістіктерде ғана емес, оның мағынасы әлдеқайда кең. Бұл тұжырым әрқашан Компания қауымының санасында жатыр.