Акционерлерге
«Fincraft Resources» АҚ KASE сайтында«Fincraft Resources» Aкционерлік қоғамының
Aкционерлеріне
"Fincraft Resources" Акционерлік қоғамы акционерлерінің
Жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы
хабарлама
«Fincraft
Resources» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қоғам») Қоғамның
Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылатын (Қоғамның Директорлар
кеңесі отырысының 2021 жылғы 23 шілдедегі Хаттамасы) Қоғам акционерлерінің
Жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі мәтін бойынша – «Жиналыс») өткізу туралы
Қоғам акционерлерін хабардар етеді.
Атқарушы органның толық атауы – Басқарма.
Атқарушы органның орналасқан
жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16-пәтер.
Жиналыс 2021
жылғы 25 тамызда Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта Қазақстан
Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16-пәтер мекенжайы
бойынша өтеді.
Акционерлерді тіркеу 2021 жылғы 25 тамызда 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00
минутқа дейін Жиналыс өткізілетін жерде жүргізіледі.
Қоғамның акционерлері Жиналысқа байланыс құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан қатысуға құқылы.
Жиналысқа қатысу үшін тиісті өтінім ашықтықтан, байланыс құралдарын пайдалана отырып, Қоғамның info@fncr.kz электрондық поштасына 2021 жылғы 17 тамыздан бастап және Жиналысқа акционерлерді тіркеу басталғанға дейін қабылданатын болады.
Егер 2021 жылғы 25 тамызға белгіленген Жиналыс қандай да бір себептермен белгіленген уақытта өткізілмеген жағдайда, Жиналыс сондай күн тәртібімен 2021 жылғы 26 тамызда Алматы қаласының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта сол мекенжай бойынша қайта өткізілетін болады. Акционерлерді тіркеу 2021 жылғы 26 тамызда 10 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жиналыс өткізілетін жерде жүргізілетін болады.
Қоғамның Жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ 2021 жылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректері негізінде жасайды.
«Fincraft
Resources» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:
1.
«Fincraft Resources»
АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2.
«Fincraft Resources»
АҚ-ның 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3.
2020 қаржы жылындағы
«Fincraft Resources» АҚ таза табысын бөлу тәртібін бекіту. «Fincraft Resources»
АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «Fincraft
Resources» АҚ бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту.
4.
Акционерлердің «Fincraft
Resources» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және
оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау.
5.
«Fincraft Resources»
АҚ акционерлерін «Fincraft Resources» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма
мүшелерінің 2020 жылғы сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету.
6.
«Fincraft Resources»
АҚ-ның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.
7.
«Fincraft Resources»
АҚ-ның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімімен бұрын босату.
8.
Қоғамның санды
құрамын, директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімін айқындау.
9. «Fincraft
Resources» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің мүшелерін сайлау.
10. «Fincraft Resources» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің
мүшелеріне өздерінің міндеттерін орындағаны үшін сыйақы және шығыстар
өтемақысын төлеу мөлшерін және жағдайларын айқындау.
Қоғамның акционерлері күн тәртібіндегі материалдармен Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 77/2 үй, 16-пәтер мекенжайы бойынша Қоғамның кеңсесінде таныса алады не материалдарды жолдау үшін 8 (727) 2-777-111, ішкі 272 телефондары бойынша, info@fncr.kz, Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Қоғамның Жарғысында белгіленген мерзімдерде сұрау салу арқылы жүгіне алады.
Жиналысты өткізу тәртібі:
Жиналысты
өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан
Республикасының № 415-II Заңына, Қоғамның жарғысына және Қоғамның ішкі қызметін
реттейтін өзге де құжаттарына сәйкес не тікелей акционерлердің жалпы
жиналысының шешіміне сәйкес айқындалады.
Сырттай
дауыс беруді өткізу тәртібі және сырттай дауыс беру рәсімі: акционерлердің
Жылдық жалпы жиналысының шешімдері көзбе-көз дауыс беру арқылы қабылданатын
болады.
Жиналыс өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары:
«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13
мамырдағы Қазақстан Республикасы № 415-II Заңының 35-37; 39-48; 50-52 – баптары.
Құрметпен,
Басқарма төрағасы Б. Мукажанов
Орындаушы:
Тюфякова
Светлана
2-777-111, ішкі 272