Әлеуметтік жауапкершілік

Балалар әлемі

«SAT & Company» АҚ ағарту саласындағы демеушілік әрекеттері әрмен қарай өріс алуда. Бұл жолы компания жас балалардың қиялды ғажайып оқиғалар әлеміне көңілін аударып, «Inter cinema TV service» ЖШС отандық кинокомпанияның шетелдік анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару науқанына қатысу жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Компанияның қомақты қаржылық көмегі арқасында бірнеше көпсериялы қызықты мультфильмдер балалардың назарына ұсынылды. Мультфильмдер үштен он үш жас аралығына арналған. Компанияның жасаған бұл қадамынан еліміздің жас перзенттеріне деген қамқоршылығымен бірге, қоғамға мемлекеттік тілді ендіру бағдарламасына қосқан үлесі де көрінеді.

Қазіргі кезде мультфильм балалар үшін қызықты ермек өткізу мақсатымен қатар, нәрестенің өмірге көз ашып, қоршаған орта жайындағы алғашқы мәлім алу құралына айналғаны белгілі. Жер бетін паналайтын жануар әлемі, жер асты мен көк аспанда болатын құбылыстар, жалпы адамзаттың қоршаған ортамен қандай байланыста екенін бала осы мультфильмдерден көреді. Осы арада, адамгершілік, мейірімділік парасатын, әдептілік пен әділеттік сияқты адамзаттың ғасырлар ішінде бойына сіңірген қасиеттерді бала санасына жастайынан енгізу өте маңызды. Қазіргі заманда ТВ дидарында орын алған зұлымдық пен зорлық, балағат сөз айту секілді нарықтың кейбір келеңсіз салдары анимациялық өндіріске де көшкені белгілі. Қазақ тіліне аударылған мультфильмдер мазмұны бойынша іріктеліп, қосымша сөздік цензура арқасында халқымызға жат қылықтардан шеттеніп, балалар аудиториясына арналған қойылымдарға қажетті бақылау шаралары жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, бұл әрекет қоғамға қазақ тілін ендіру мәселесін шешуге ат салысуға бағытталған. Тілді игеріп, оны жетілдіруді баланың санасы оянған сәтінен бастау қажет, сондықтан осы арада мультфильмдердің маңызы ерекше. Қызықты бір оқиға, қимылыстағы көркем бояулы суреттер, сүйікті кеіпкерлердің ана тіліндегі айтар сөздері, осының бәрі бала көңілін оятып, ой әрекетін қазақ тілінде құрастырып, еркін сөйлеуге әсерін жасайды.

Мультфильмдер түпнұсқа дыбысының үстіне салынбай, қазақ тілімен кейіпкер аузынан шығатын сөздер таза күйінде аударылған, бұл баланың назарын бөлмей, түгелімен болып жатқан оқиға барысы мен диалогтарға зейін қоюға мүмкіндік туғызады. Фильмдер көпсериядан тұрып, ұзақ уақыт қарауға арналған. Суреттеген оқиғалары көп нәрседен хабар беретін өнегелі, жақсылық пен жамандықты жіктейтін, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін насихаттайтын тақырыпта әзірленген.

«Саналуалы сұрақтар» мультфильмі 26 сериядан тұратын, жануар әлемі жайындағы сұрақтар мен жауаптар ретінде түсірілген. Жауаптар жануарлардың шығу тегі мен қылықтарын сипаттайтын суреттемелерден құралған.

«Тибет хикаясы» мультфильмі 52 сериядан құралған, басты кейіпкерлері қыз бен оның атасы және итінің басынан кешкен қызықты оқиға ретінде түсірілген. Басты тақырыбы - кейіпкерлердің көмегімен жануарлар өздерінің қас жауы – мейірімсіз, қатыгез Тарантул – бүйені жеңуде.

«Сақшы мысық» - 72 серия – әйгілі «Бэтман» көркем-суретті фильмінің мультипликациялық қойылымы. Мазмұны - «Сақшы мысық» өз жолдастары мен қауіпті жағдайға түскен жандарды құтқаруға асығады.

«Ке Ке мен Че Че» балаларды мейірімділік пен бір-біріне жәрдем беруге үйрететін өнегелі мультфильм.

Бұл мультфильмдер «Қазақстан» республикалық телеарнасында, күнсайын Астана уақыты бойынша сағат 15.20-да көрсетіледі. Келешекте «Балапан» атты балалар телеарнасында көрсетілу жоспарланып отыр.