Әлеуметтік жауапкершілік

«SAT & Company» АҚ–ң қайырымдылық қызметтері білім беру ортасында айқын көрінеді. Оқу орындарындағы білім беру методикасына жаңа технологиялық жүйелер мен  инновациялық өзгерістер ендіру мәселелеріне Компания аса назар аударып отыр. Осы тақырыпта, Компания демеушілік көмегін Астана қаласында ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалымен құрылған жаңа Университетті жабдықтау шаруаларына бағыттады. Елдің болашақ «парасат асылдарын» дайындайтын оқу орыны бойына қуатты инфрақұрылым  және алдыңғы қатарлы білім құралдарын сіңірген,  отандық ғылым дамуының негізін қалаушы Университет болуды мақсат қойып отыр.

Мұндай ТМД елдерінде теңі жоқ ауқымды жобаны іске асыруда қойылатын талаптар да жоғары. Демеушілік көмек ретінде Университетке компьютерлік, интерактивтік жүйелер мен бейнекөріністік 3D жүйелі мультимедиялық құралдар және презентациялық құрал-сайман берілді. Білім беруде интерактивтік техникалық саймандармен қатар дәстүрлі методикалық оқулықтардың да маңызы зор. Сондықтан Компания біраз қаражатын қажетті кітаптар мен методикалық қосымша оқулықтарға бөлді. Оқулықтардың авторлары туындысы Еуропа мен Америка елдерінің үздік оқу орындарында қолданатын әлемге әйгілі ғалымдар. Университетке берілген оқу құралдары оның ғылыми-өндірістік базасын күшейткеніне күмән жоқ .

Шаруашылық атқарып отырған мекеменің материалдық-техникалық базасын да күшейту қажет. Осыны ескеріп, Компания өз тарапынан Университетті шаруашылық материалдары мен техникалық кұрал-саймандармен қамтамасыз ету мақсатына қомақты қаржы бөлді. Компания мүмкіндігінше алған міндеттерін орындап, еліміздегі ең үздік оқу орының жан-жақты сұраныстарын өтеп шықты. «SAT & Company» АҚ Университетке бағыттаған демеушілік көмектің қаржы сомасы 180 млн тенгеден асып түсті.

2010 жылдың маусым айында еліміздегі әлемдік дәрежелі жаңа Университеттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге республика басшылығының өкілдері және әлемдік жоғары оқу орындарынан серіктестер қатысты. Университеттің әсем оқу және тұрмыс ғимараттарымен бірге оның біліми-техникалық базасы көрсетіліп, әсіресе ризашылық тудырды.

Компания білім ортасына қосқан үлесін қайырымдылық деп бағаламайды, себебі бұл иманды іс келешекке артқан шығын, оның қайырымын жас түлектер бүкіл Қазақстан ғылымы және өнеркәсібінің өркендеуіне ат салысып қайтарады, деген үмітте «SAT & Company» АҚ.