Әлеуметтік жауапкершілік
Сонымен қатар “SAT & Company” АҚ «Фонд развития қазақ күресі «Қазақстан Барысы» ҚҚ-ның да демеушісі болып табылады
Қазақ күресінің тарихы қазақ халқының даму тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күрестегі жігерлілігі қазақ халқының өнер түрлерінің бірі болып табылады. Қазақтар өздерінің балуандарын «батырлар», «алыптар» деп атаған және олардың күшін Алланың берген таңғажайып сыйы деп есептеген. Күрес – халық мәдениеті салаларының бірі болып табылатын өнер. Өзінің қаталдылығымен ерекшеленетін көшпенді өмір, қазақтарды батыл да күшті болуды үйретті және оларға бұл қасиеттерді бала кезінен бойына сіңірді. Атпен жүру, садақпен ату, күрес сияқты дағдылар ұл балалар үшін де, қыздар үшін де бірдей лайық болып келеді.
Бүгінгі күні қазақ күресі бойынша төрт әлем, екі европа, алты азия біріншілігі өтті. Біздің басты күресіміз бойынша әлемдік жекпе-жек 2006 жылы Алматыда алғаш рет ұйымдастырылды, екіншісі Ресейдің Орск қаласында өткізілді, үшінші әлем біріншілігі 2010 жылы Қазақстанның астанасы – Астанада өзінің туын көтерді және төртінші әлем чемпионаты 2013 жылғы желтоқсанда Минскіде өткізілді.
2013 жылғы 6 желтоқсанда «Тараз-Арена» Спорт сарайында ұлттық күрес әуесқойлары асыға күткен турнир өтті. Финал турнирдің сәнін келтірді - қазақстандықтар үлкен еңбекпен Монғолияны 4:1 есебімен жеңді. Сонымен қатар әрбір жекпе-жек аса принциптік сипатта болды, бірақ қожайындар жеңісті қолдан бермеді.
2013 жылғы 21-22 желтоқсанда Минск қаласында Қазақ күресінен IV – әлем чемпионаты өткізілді, онда біздің командамыз абсолютті жеңіске жетті – 5 алтын медаль. Біздің құраманы осы чемпиондық табысымен құттықтаймыз!