Социальная ответственность

Футбол

Футбол қазіргі кезде ең қызықты және ғаламшардағы ерекше кең тараған спорт ойындарының түрі. Жыл сайын біз футбол әлемінде болар дүркін оқиғаларды күтудеміз – Чемпиондар Лигасы, УЕФА Кубогы болсын, әлемдік, не континенталдық чемпионаттар, олардың алдында өтетін әр елдегі іріктеу матчтері болсын – бәрі де назарымыздан қалмайтын турнирлер.  Қаптаған футбол жанкүйерлері топтары өздерінің сүйікті командаларының соңынан қалмай, елден елге, қаладан қалаға жер бетін кезіп жүр. Айтарлықтай әлеуметтік орта болып құрылған жанкүйерлер қауымының өзіне тән мәдениеті мен тарихы, өзіндік рәміздері де қалыптасқан.

Жер бетінде футбол ойнамайтын түкпір табыла алмас, әр елде, әр қалада, тіпті әр ауылда, жанкүйерлері мен өз жұлдыздары жеткілікті. Бүгін футбол алаңы немесе өз құрамасы жоқ мектеп, жоғары оқу орыны немесе ірі компания болуы мүмкін емес. Мұндай жаппай қызығушылық танытатын тамаша ойынға, спорт әлеміндегі барлық оқиғаларда қатысу білдіріп отырған біздің компанияның зейін қадауы өте орынды деп ойлаймыз.

Сайтымыздың осы тарауында Қазақстан футболының өмірінде «SAT & Company» АҚ-ң демеушілік пен жан-жақты қолдау көрсету әрекеттерін бағалап, «былғары доп» шеберлері ортасында болып жатқан жаңалықтармен таныса аласыздар.

Демеушілік арту рәсімі.

«Мегаспорт» футбол командасы компания қарамағында

«Мегаспорт» футбол клубын қолдау жөніндегі шешім кездейсоқ емес – Мегаспорт бойындағы жігері мен қуаты, жеңіске деген талпынысы «SAT & Company» АҚ  саясатына сәйкес қабысады.

 Біздің компания келешегі зор жас спортшыларды қолдаумен қатар спорт аясында өзінің де жетістіктерін айтуға бар – 2006 ж. «SAT & Company» АҚ  қызметкерлерінен құрылған футбол командасы шеберлігін қалалық жарыстарда көрсетіп  келеді.