Әлеуметтік жауапкершілік
Шахмат бойынша Әлем чемпионатының Бас демеушісі
«SAT & Company» АҚ – жедел шахмат және блиц бойынша FIDE 2012 әлем чемпионаттарының Бас демеушісі.
«SAT & Company» АҚ республикамыздың спорт саласында болар маңызды оқиғаларда белсенді түрде қатысуын жалғастыруда. Бұл жолы компанияның назары ең интеллектуалды спорт түрі – шахмат ойынына түсті. Биыл «SAT & Company» АҚ жедел шахмат және блиц бойынша FIDE 2012 әлем чемпионаттарының Бас демеушісі ретінде бой көрсетті.
FIDE басшылығы мен Қазақстан шахмат Федерациясы біріккен шешімі бойынша жедел шахмат (рапид) және блиц бойынша биылғы Әлем Чемпионаты Астана елордасында өтетін болды. Чемпионат екі номинация бойынша 1 және 11 шілде аралығында, Елорда Күні мерейі қарсаңында өтті. 5 шілде күні өткен FIDE 2012 ашылу рәсіміне Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Республмкасының Президенті Алмазбек Атамбаев келіп, чемпионат қожайыны ретінде оларды FIDE басшысы Кирсан Илюмжинов қарсы алды.
Турнирге қатысушылар қатарында бүкіл әлемге әйгілі шахматшылар Владимир Крамник, Магнус Карлсен, Борис Гельфанд, Веселин Топалов, Петр Свидлер, Василий Иванчук, Сергей Карякин,Теймур Раджабов, Александр Грищук, Хикару Накамура жарияланған болатын. Біздің елдің намысын қорғағандар халықаралық гроссмейстерлер Мұртас Қажғалиев, Әнуар Исмағамбетов, Павел Коцур және Ринат Джумабаев.
6 шілде күні басталған іріктеу ойындарыгда дүние жүзінің 200-ге жуық гроссмейстерлері қатысып, олардың 16 мықтылары финалды сайыстарда ақыл-күшпен сынасты. Қатысушылар құрамының өзі тентірес тартыс болатынын білдіріп, болған ой арпалысы жанкүйерлерге естен кетпес қызықты сәттер әперді. Тағы бір көпшіліктің қызығушылық тартқаны – жалпы FIDE тарихында «рапид» бойынша чемпионатының алғаш өтуі болды.
Жүлде қорының жалпы сомасы халықаралық деңгейге сай келіп 400 мың АҚШ доллар шамасын құрды.
Өкінішке орай, біздің отандастарымыз финалдық сайыстарға қатысумен шектелді, алайда, осы чемпионатта алған тәжірибе мен әлемдік атағы шыққан гроссмейстерлерден ұққан дәрісі қазақстандық шахматшылардың ой-өрісін кеңейтіп, стратегиялық және тактикалық әдістерін одан әрі дамытуға жол ашатыны күмәнсіз.
Турнир ашылуындағы Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай:
- Бүгінгі заман бір орында тұрмайды. Жедел шахмат ойыны адамды тез ойлап, кідірмес шешім қабылдауға баулиды, сонымен оның өміріне, тұрмысына жағымды әсерін тигізеді. Шахмат дәрісі мектеп қабырғасында берілген жағдайда, оқушылардың жалпы білім ұғу дәрежесі анағұрлым жоғарлайды. Біздің жоспарымызда шахмат академиясын құрып, арнайы Сарай ашу, бұл әрекеттер жас ұрпақты осы ой-өрісті ойынға көңілдерін тарту. Еліміз әйгілі аты шыққан шахматшылардан зар емес, бізде де өз чемпиондарымыз бар. Қазақстан азиялық сайыстарда біраз жеңістерге жеткен болатын, соңғы екі жылдың ішінде еліміздің жас шахматшылары халықаралық чемпионаттардан 18 медаль жүлделерін тағып келді.
«SAT & Company» АҚ үшін спорт әлемінде болар маңызды оқиғаларға қатысып, барынша қолдау көрсету жағымды әдетке айналғаны белгілі. Компанияның бұл қадамы елімізде дәстүрлі қоян-қолтық ойындары мен жекпе-жек арпалыс спорт түрлерімен қатар, математикалық логика, тура есеп талап ететін ақыл-ой тартысы - шахмат ойын түрлерін дамытуға бағытталған. Қара күшпен бірге асқақ ой-санасын өркендету насихаты бір қатарда жүру қажет, бұл келешекте қайрат- жігері мол, ақыл-санасы жоғары жас ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. – деген пікірде «SAT & Company».