Әлеуметтік жауапкершілік

Қасиетті Құран жайында

Дүние жүзінде миллиардтан астам адам баласы негіздері Құдіретті жазбалардың соңғы кітабы – Қасиетті Құран Кәрим кітабында салынған мұсұлман дінін уағыздайды. Осыдан 14 ғасыр бұрын, Мұһаммад атты араб пендесі Христос туылуының 610 жылына жуық мерзімде алғашқы алған ақиқат уағызын арқау қылып, өзінің насихат жолын бастады. Ақырғы күніне дейін хат танымаған Мұһаммад Пайғамбар арқылы Құдіретті Құдай өзінің сәуегейлік болжамдарын орындап, адамзатқа ақыл парасатының терең мағыналарын ашты. Қоран кәрим көп ғасырлар бойы дінге берілген саналы ерлер үшін адам надандығы мен меійрімсіз қатыгез әміршілердің қылықтарын жеңетін негізгі заңдылық пен тіршіліктегі жол көрсетер нұсқа болып, Құдайдың өсиеттерін дүние жүзіне тарататын құралға айналды.

Құран ғалымдар мен ойшылар үшін зерттейтін шексіз ғұлама болса, біреулерді бойындағы шешен тілімен жазылған ділмарлық сөздеріне құмар тартып, кеменгерлік терең мағыналарына тамсандыратын және адам санасында туатын ғұмырлы сауалдарға жауап беретін ілімдерімен таң қалдырады.Қазіргі замандағы жоғары технологиялардың даму барысындағы өзгерістерге қарамастан, Құран мәні артпаса, мүлде кеміген жоқ. Ғылым екпінді дамуында шексіз шыңдарға жетіп, ғасырлар бойы өмірде қалыптасқан ұғымдарды жоққа шығарды, алайда мағынасы биология, эмбриология, геология, химия, физика, тіпті астрофизика ғылымдарына қатысты бір де бір ұғым Құран аяттарына қайшы келмейді. Керісінше, көптеген ғалымдар Құран ілімдерінің мағынасында Құдіреттің ақиқат мәнін тауып, соны мойындау арқасында Батыстың модернистік ой санасын күрделең өзгеруіне әсер етті.

Құран жазбасын дана ойшылдар мен философтар, данышпан саясатшылар мен адамзат кемеңгерлерінің жинағы деп сипаттама беруге болады. Алайда, Құранның Құдіретті мәнісіне тағы бір дәлел – адамзатқа алғаш бұйырған мезеттен, қазіргі күнге дейін Кітап еш өзгерместен сол күйінде жеткен. Бүкіл әлем мұсұлмандары бұл Кітапты қайта-қайта оқудан талмайды, себебі бұл діндегі пенделер Кітап мазмұнына тереңдеген сайын әрдайым өзіне жаңа дүние ашып, ойы кеңейе түсе, ғұмырдың жан-жақты салаларына қатысты өсиеттерден парасат сіңіретін, адам баласын еш жалықтырмайтын ғажайып жазба. Құранды оқитын немесе құлақ салып тыңдайтындар бойында ерекше қадір сезім мен ілтипат тұтиды... Себебі бұл ең алдымен Алланың Кітабы (Лаура Веччи Вальери «Ислам Апологиясы» кітабынан).

Құранда көптеген иманды өсиеттер мен адамгершілікке баулитын өнегелер келтірілген, өзі бір-бірімен қабыспайтын кішігірім тараптардан құрылған, және барлық беттерінде уағыздар мен адам баласы орындауға парыз қылатын нұсқаулар жазылған. Әр тарап әңгіме және өсиет сарында, тіршіліктің алуан түрлі жағдайларына қатысты тақырыпта жазылған біртұтас кітап болып, әр адамның көңіліне жағады (Джон Уильям Драпердің «Еуропаный интеллектуалды дамуы» кітабынан).

Құрандағы табиғатты Құдірет тұрғысынан пайымдау, Алланың Есімін және Теңеулерін атау, Оның күші мен парасатына жолдану, және Оның Әлемдегі Құдіреттігі айқындалуы, Оның әлемдегі жалғыздығы (жер мен көктің Иесі мен Әміршісі жалғыз Алла ғана дегенге сенімділік), сонымен қатар, Құрандағы имандылық пен мейірімдіілікті насихаттайтын өсиеттердің болуы, және ұлы мемлекеттер мен империялар тарихының баяндалуы, мұның бәрі Құранды мадақтайтын қасиеттер (Азиз Дж. М. Родвелл «Құран. Құран мазмұнының ағылшын тіліне аудармасы»).

Оны субъективті эстетикалық тұрғыдан әдеби туынды ретінде бағалауға болмайды, себебі Құранның Мұһаммад замандастары мен жерлестеріне жасаған зор ықпалын ескеру қажет. Құран, бытыраған, бір - біріне қас тайпаларды біртұтас елге айналдырып, тыңдағандардың жүректерін жібітіп, надан, білімнен алшақ жандардың ақыл-санасын оятып, аз ғана уақыт ішінде сол замандағы алдыңғы қатарлы дамыған араб мемлекетінің тұғырын көтерді (Т.П. Хьюгис және д-р Штайнгасстың «Ислам сөздігі» кітабының алғы сөзінен).

Менің Құран сөздеріне ұйқастырып істеген еңбегім, араб тіліндегі жазылған ғұлама кітабының терең мазмұны мен оның тіл байлығын, әуендік және рифмалық әуездігін жеткізу, оқырманға тиер әсерін көрсету тырысым түпнұсқағадан алыс елес болып шықты. Шын мәнінде, Құран аудармашылары, мұсұлман Пиктхоллдың айтуы бойынша, кітаптың «әуенділігі мен қайтарылмас әуезділігін» елемей өткен, сондықтан аударылымдар түпнұсқаға қарағанда елеңсіз қара сөз болып көрінеді (Артур Дж. Эрсберри «Құран аударымы» кітабынан).

Құранды, шын мәнінде, қазіргі заманғы ғылым тұрғысынан талдайтын болсақ, ғылым және Құран арасындағы өзара байланыс анық байқалады. Мұһаммад Пайғамбар заманында жасаған адам баласы, сол кездегі білім деңгейімен осындай ғұлама еңбек жазғанына сену оңай емес. Мұндай пікір Құранның шығу тегін материалистік тұрғыдан айқындау мүмкін еместігін көрсетеді (Д-р Морис Бюкай Париж университеті. Хирургия клиникасының директоры)

...Алдын ала, Құран әлем ортасында мызғымас орын алып отыр, соның нәтижесінде, таза және парасатты баяндауымен бірге әрқашанда бойында адамзаттың инабатын оятатын алып күшке ие болып келеді (Эдвард Монте, әйгілі француз ғалымы).

... Ол жан – жақты қорғаныста болатын (Құран), сонымен қатар, бұл кітаптың мазмұнына қатар тұратын жазба жоқ. Құран – мызғымас тұрақ, оның мәніне күмән келтірген бірде – бір дәлел болған емес (Азиз Босворт Смиттың «Мұһаммад және Ислам дүниесі» кітабынан).

... Құран ар – ождан бостандығын, яғни әр адамның дін қалау хақысын ашық қолдайды (Джеймс Миченердің «Ислам – дұрыс түсінбеген дін» мақаласынан).

Әділет ұғымы Исламның негізігі уағыздарының бірі. Мен Құран оқыған шақта, ғұмырдың негізгі ұғымдарын көріп, олардың болмыста емес, керісінше, шынайы өмірдің жүйелерін қалыптастырып, бүкіл әлемге сай келетін және күн сайынғы тіршілікте қолданатын қағидаларды танимын(«Сарожини Найду сөздері мен мақалалары» кітабында жарияланған «Ислам мұраттары» баяндамасы).

Құранның барлық ғылымдардың алғашқы дерекнамасы дегенге таң қалудың қажеті жоқ. Құран бүкіл дүниеқұрылымның барлық сауалдарын қамтиды – жер мен көк, адамзат өмірі, сауда және де басқа мәселелер болсын, бәрі де шешімін көреді. Кітаптағы түрлі тақырыптар маңайындағы, сол тақырыптардың ішкі мәселелерін талқылау болсын – әр сұрақ өз жауабын тауып отыр. Құранның болмыс, ғұмыр мағынасын тану мәселелерін талдау Ислам дүниесіндегі барлық ғылым салаларының өркендеуіне негізгі түрткі болды. Құранның әсері арабтармен ғана шектелмеді. Яхуди философтары араб ғалымдарының тәсілдерін метафизикалық және діни ілімдерінде пайдаланғаны анық байқалады. Араб діни философиясының христиандық схоластика біліміне тигізген әсері жөнінде ешқандай күмән жоқ.

Ислам ішінде туған рухани қозғалыстар діни болмыстарымен шектелген емес. Ежелгі гректердің философия, математика, медицина және астрономия бойынша еңбектерімен танысу барысында бұл зерттемелерді ілгері дамыту әрекеттері өрши түсті. Мұһаммад Пайғамбар пенделерін Құдіретті Алланың аспан әлеміндегі құбылыстар мен денелердің адамзатқа құлшылық етуге емес, қызмет етуге жаратқанын айтып, олардың үздіксіз қимылыстарын зерттеуге шақырды. Осыдан мұсұлман халықтарының астрономия ғылымын айрықша үздік игеру себебін және бүкіл ғасырлар бойы оны кім қолдап келе жатқанын түсіну қиын емес. Тіпті қазіргі заманда астрономиядағы ғаламшар аттары мен техникалық терминдердің атаулары араб тілінде жазылып келеді, Орта ғасырлық Еуропа астрономдарының бәрі араб ғалымдарының шәкірттері болған.

Дәл осылай Құран жазбалары медицина дамуына зор ықпал жасап, адам құрылысы мен табиғаты жөніндегі зерттеулерді үдете түсті (проф. Гартвиг Гирфшельдің «Құран құрылымдары мен түсініктерінің жаңа зерттеулері» кітабынан).

Ортақ пікір бойынша, Құран, адамзатқа бұйырған барлық Құдірет кітаптарының қатарында өте маңызды орын алады. Адамзаттың ойын дамытуға ықпал еткен ең алдыңғы қатарлы әдеби туындыларының бәрін қосқанда, олардың қалың жұртқа тиер әсері Құранның алып күшімен теңесе алдмайды. Алдымен ол Аравия шөлдерінде көптеп бытырап жүрген, қараңғы тайпаларды біртұтас қаһарман халыққа айналдырып, Мұһаммад Пайғамбар басшылығымен діни – саясатты ұйым құрып, қазіргі заманның өзінде ықпалы Еуропа мен Шығыстан асып, бүкіл дүние жүзіне тарады (Г.Марголиуттың жазған Азиз Дж.М.Родвеллдың «Құран..Құран мазмұндарын ағылшын тіліне аударма» кітабының алғы сөзінен).

...оны қолға алған сайын ұғатының – бұл туынды аз ғана уақыт ішінде адамға тигізер әсерімен таң қалдырып, оның (Құран) алдына тізе бүккің келеді... Құранның жазба стилистикасы мен ішкі мазмұны соншалықты айбынды ғажайып және қойылған мақсатына өте келісті... бұл кітап әр заманда күшінен айрылмайтыны анық (Т.П.Хьюистің «Ислам сөздігі» кітабындағы Гетенің сөздері)