Жаңалықтар

Алға, Фаизхан!

21 желтоқсан 2018 ж.

2018 жылдың желтоқсанында UAEJJF Араб федерациясының қолдауымен Алматы қаласында «Arlan Grip» аренасында Kazakhstan National Pro бразилиялық джиу-джитсудан халықаралық чемпионаты өткізілді.

Андорра, Бразилия, Иран, Біріккен Араб Әмірліетері, Ресей, Польша, Австрия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан сияқты елдерден 250-ден астам спортшы қатысты.

Осы жауынгерлік өнер дене келбеті онша дамымаған адам тиісті техниканы (ауыртпа тәсілі мен буындыру) пайдаланып, өзінен мықты қарсыластан қорғанып, оны сәтті жеңуге қабілетті болатын қағидасына негізделген. Бразилиялық Джиу-джитсу техникасын әртүрлі мақсаттар үшін үйренуге болады: өзін-өзі қорғау, спорт, жарыстар және аралас жекпе-жек MMA (Аралас жекпе-жек өнері) үшін.

Жарыс Қазақстанда сабмишн файтингті дамыту және көпшілікке тарату, салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың біліктілігін арттыру және халықаралық турнирлерге қатысу үшін ең мықты спортшыларды анықтау мақсатында, түрлі салмақ санаттарында өткізілді.

Біздің компания осы жарыстарға өз қызметкерінің - Заң департаментінің маманы Бөрібеков Фаизханның қатысуын демеушілік көрсету арқылы қолдау көрсетті.

Фаизхан жауапты әрі байыпты түрде осы жарыстарға дайындалып, өз салмақ категориясында бірінші орынға ие болғанды айта кету керек.

Біздің қатысушымыз қызықты әдістерді, жақсы техниканы және әдемі күресті көрсетті. Көрермендер керемет және әсерлі күреске куә болды. Сондай-ақ, оның басты жанкүйері «Fincraft Resources» АҚ ұжымы болды. Өз жағынан, ұжым өз әріптесін қатты қолдап, қарсыласын жеңіп шығып, бірінші орынға ие болғанына шын жүректен қуанды.

Жеңісі үшін Фаизхан 2019 жылы әлемнің түрлі қалаларында өтетін Азия, Еуропа және әлем чемпионаттарына арналған ваучерлермен марапатталды!

Фаизханға әрі қарай тамаша жеңістерге жетуге тілейміз!