22 қаңтар 2019 ж.

«Fincraft Resources» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы хабардар етеді

Қоғамның Директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 15 қантардағы шешімімен келесі қабылданды:

1.  Қоғамның Басқарма Төрағасы Әлкен Дәнелұлы Қуанбайдың өкілеттігін 2019 жылдың 14 қантарында мерзімінен бұрын тоқтату.

2.  5 адамнан тұратын Қоғам Басқармасының құрамын бекіту.

3.  2019 жылдың 15 қантардан бастап Идрисов Ерлан Сапарғалиұлы мырзаны Басқарма Төрағасы ретінде сайлау.

4.  Орынғалиев Бауыржан Аманқосұлы 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап Қоғамның Басқарма Төрағасының Орынбасары ретінде Басқарма құрамына сайлансын.

5.  Басқарма Төрағасы Идрисов Ерлан Сапарғалиұлының және Басқарма Төрағасының Орынбасары Орынғалиев Бауыржан Аманқосұлының өкілеттілік мерзімдері Директорлар Кеңесінің 2018 жылдың 25 желтоқсанындағы шешімімен сайланған қалған Басқарма мүшелерінің өкілеттілік мерзімімен қатар аяқталады.

6.  Қоғам Басқармасының Төрағасы Идрисов Ерлан Сапарғалиұлының және Басқарма Төрағасының Орынбасары Орынғалиев Бауыржан Аманқосұлының еңбекақыларын өкілеттілік мерзімдері бойы ай сайын, Қоғамның штаттық кестесімен бекітілген лауазымдық жалақысы мөлшерінде төлеп отыру, Еңбекақы төлеу және сыйақы беру тәртібі туралы тиісті ішкі қағидаға сәйкес сыйақыны беру.