Жаңалықтар

Алматы Марафон – 2014м

21 сәуір 2014 ж.

Үшінші рет 20 сәуір 2014 жылы республикамыздың оңтүстік астанасында халықаралық мәртебе берілген «Алматы Марафон» өтті. Марафон мына мақсаттарда өткізіледі:

•   Алматы тұрғындарының арасында салауатты өмір салты мен спорттық құндылықтарды насихаттау;

•   Қазақстандық спорттың келешегі – талантты спортшыларға қолдау көрсету;

•   Азаматтар мен ірі компаниялардың өздерінің қалалары, оның экологиясы алдындағы әлеуеметтік жауапкершілігін дәріптеу;

•   Республикалық мазмұндағы қайырымдылық жобаларына қолдау көрсету.

Ұйымдастырушылардың марафонның арқасында жинаған ақшалары көздің ішкі тор қабығы мен бас миының ісігі бар екі баланың операциясына жолданатындығын естеріңізге саламыз.

Париж, Вена және Сан-Паолодан кейін Алматы қаласы бір күнге жүгіруден әлемдік астанға айналды. Қазақстандағы жүгіруге қатысу үшін Ұлыбритания, Түркия, Литва, Швеция, Ресей және Оңтүстік Кореяның тұрғындары келді. Жүгіру бағдарламасына 3, 10, 21 километрлік және 42 километр 195 метрлік арақашықтық қамтылды. Марафонға старт Әл-Фараби даңғылындағы Бірінші Елбасының Саябағында берілді. Жаппай жүгіру Орталық стадионда аяқталды. Марафонның стартына шамамен 10 000 адамдай шықты. Марафонға біздің компаниямыздың жұмыскерлері Рахматуллаев Дильмурат пен Сулейменова Гульнара да қосылды.

21 сәуірде кішкентай Дарина Лик пен Артем Кузнецовтың еміне жетекшілік етуші «ДОМ» қайырымдылық қорына «Алматы Марафонның» нәтижесінде жиналған 10 000 000 тг. сомағы ваучер табысталды.III «Алматы Марафон» негізгі мақсатына жетті!

Осы спорт мерекесі мен мейірімді қайратқа қатысқан және қолдау көрсеткен барша жанға рахмет!