Әлеуметтік жауапкершілік

Иманды қадам

2006 жылдың қыркүйегінде «SAT & Company» АК, авторы ақын, философия және филология докторы, теолог Иман Валерия Порохова поэзиялық сарында орыс тіліне аударған, барша мұсылман жұртына қасиетті Құран кітабының 4000 данасын Алматы қаласының Орталық мешітіне тарту етті. Сыйлық, әділет, имандылық пен мейірімділікті насихаттайтын Құрандағы аяттар мен сүрелерді әсіресе жетік танып, жүрекке сіңірер кез — Рамадан айындағы мұсылмандардың ораза тұту кезеңінде — тарту етілді.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан  бері күннен күнге халықтың рухани жаңарып, өсуі, сонымен қатар дәстүрлі діни нанымдарды насихаттаудың мәні Компанияны қайырлы іске итермеледі. Компания жоғарғы дінбасылар мақұлдаған мағыналық аудармалардың арқасында қасиетті кітапта келтірілген ұғымдарды иманды жандар үшін терең түсіну мүмкіндігі артады деп үміттенеді.

Қазақстан Муфтияты бұқаралық ақпарат құралдарында осы мәселеге қатысты пресс-релиз таратып, онда отандық кәсіпкерлерді осындай тақуалық істерден үлгі алуға шақырды.

«Қазақстанның Муфтияты жас компанияның халықтың рухани дамуына қолдау көрсетуге жасаған қадамдарын жоғары бағалайды, бүкіл мұсылман қауымына қасиетті Рамадан айында жасалған иманды істер әсіре ризашылық тудырады. Осындай тек экономикалық әл-ауқаттың дамуына ғана емес, сондай-ақ Қазақстан үшін дәстүрлі дін ағымдарын қолдауға, біздің көп ұлтты республикамыздағы дінаралық өзара қатынастарды нығайтуға бағытталған шаралар отандық бизнестің барлық өкілдеріне үлгі болуы керек», — деп келтірілген Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы таратқан ақпаратында.

Пресс-релизде Иман Порохованың еңбегін Египеттегі Аль-Азхар Аль-Шариф Ислам академиясы 6 жылға созылған Құранның мағыналық мазмұнына әдеби аударманың сәйкестігін талдағаннан кейін ғана мақұлдады. 1998 жылы аударманың осы нұсқасы «Жыл кітабы» халықаралық сый жүлдесіне ұсынылды, және қазіргі таңда мұсылмандардың орысша сөйлейтін қауымы арасында ең танымал болып табылады.

Кітап «орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас құралы болғандықтан, Қазақстанда әсіресе сұранысқа ие», — деп келтіріледі Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасының мәлімдемесінде.