Жаңалықтар
Fincraft Resources өз қызметкерлерін корпоративтік оқытудың үздік практикаларына инвестиция салады
16 қараша 2021 ж.Алматы, 2021 жылғы 16 қараша
Fincraft Resources және Battery Metals Technologies қызметкерлері жобаларды басқару бойынша PMI – Project Management Institute (АҚШ) стандарттары бойынша ұйымдастырылған тренингтен өтті. Корпоративтік мәдениетті дамыту стратегиясын іске асыру шеңберінде, Fincraft Resources өз қызметкерлеріне инвестиция салады – нәтижеге бағдарланған компания болу құндылығын қалыптастыру мақсатында менеджмент, өндіріс әдіснамасы және технологиясы саласындағы соңғы әзірлемелерді оқытады, қолданады.
35-сағаттық тренинг барысында компания қызметкерлері жобаның мазмұнын, мерзімін, жобаның құнын, сапасын, тәуекелдерін, интеграцияны, адамдарды, сатып алуларды, коммуникацияларды және жобаның мүдделі тараптарын басқару саласында жаңа білім мен дағдыларды алды.
Сабақтар компанияның кеңсесінде өтті және 2003 жылдан бастап жоба менеджерлерін дайындаумен айналысатын Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлерінің одағы ұйымдастырды. (Жобалық басқару институты – PMI стандарттары негізінде Қазақстанда жобалық басқару практикасы мен әдістерін ілгерілетеді). Тренингтің мақсаты жұмыста практикалық қолдануға дайын заманауи PMI PMBOK Guide халықаралық стандарты (Жобаларды басқару бойынша білім жинағы) негізінде жобаларды басқарудың айқын және нақты моделін қалыптастыру болып табылады.
Бектас Мұқажанов, Fincraft Resources компаниясының Басқарма Төрағасы мынаны атап өтті: «Біз алған білім мен дағдылар біздің Компаниямыздағы корпоративтік мәдениет деңгейін арттырады деп сенеміз және Компанияның бірқатар қызметкерлері сертификатталған жоба менеджерлері болуға дайындалып, PMI стандарты бойынша емтихандар тапсыру бойынша жеке мақсаттар қойғанын көріп отырмыз.
Болашақта жобалық менеджмент бағдарламасы бойынша оқытуды біздің еншілес ұйымдарға да кеңейтуді жоспарлап отырмыз».
Fincraft Resources – қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық холдинг. Компания қолданыстағы өндірісті кеңейту, жаңа жобаларды құру және компанияға стратегиялық мақсаттарға жетуге көмектесетін жаңа активтерді сатып алу арқылы тұрақты өсуді көздейді. Топта құрылыс саласында сұранысқа ие материалдарды өндірумен, сондай-ақ электрмобильдерге арналған аккумуляторлық батареяларды (Battery Metals Technologies, BMT) жасау кезінде пайдаланылатын металдарды өндірумен айналысатын бірқатар еншілес компаниялар бар. «Fincraft Resources» АҚ компаниясының акциялары KASE Қазақстандық қор биржасында саудаға ұсынылған.